Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық қордан балаларға алғашқы төлем түсе бастады: қаражатты қайдан көруге болады

Ұлттық қордан балаларға алғашқы төлем түсе бастады: қаражатты қайдан көруге болады

Қызмет қазірдің өзінде жұмыс істейді

АЛМАТЫ, 31 қаңтар - Sputnik. 1 ақпаннан бастап Қазақстандықтар "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша балаға есептелетін соманы біле алады.
Ақпарат kids.enpf.kz сайтында жарияланған. ЖСН бойынша баланың бағдарламаға қатысатынын тексеруге болады.
2006 жылы және одан кейін дүниеге келген Қазақстанның барлық баласына жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50%-і түсіп тұрады. Табыс есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл ішіндегіорташа сомамен есептеледі. Барлық бала бірдей сома алады.
Сервис қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр және әрқайсысына шамамен 100 доллар,яғни, шамамен 45 мың теңге есептелгенін көрсетті.
Ақпарат алу үшін баланың ЖСН енгізіп, "тексеру" түймесін басу қажет.

Ақпарат көзі: sputnik.kz

Фото: kaz.caravan.kz
02 ақпан 2024 ж. 1 881 0