2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері мөлшерінің арттырылуы туралы
«2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4325 теңге;
ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 50851 теңге;
ең төменгі жалақы – 85000 теңге;
ең төменгі зейнетақы – 69049 теңге; базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35596 теңге мөлшерінде белгіленді.
Жаңа жылдан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10 %-ға арттырылды.
Сонымен қатар, жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс мөлшері 216260 теңгеден 237875 теңгеге (55 АЕК) көбейтілді.
1- қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді.
Атап айтқанда, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болғанда немесе болмағанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы (65 пайыздың орнына) мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылады, бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 118 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.
Бұл жаңадан тағайындалған зейнеткерлерге және 01.01.2026 ж. дейін зейнетке шыққандарға да қатысты.
Мүгедектігіне және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ЕТКД (50851теңге) мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылды.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) және бірінші топ мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адамға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері ЕТКД (50851теңге) мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылды. 01.01.2026ж. бастап бұл жәрдемақылардың мөлшері 81871 теңгеніқұрайды.
01.01.2026 ж. бастап АЕК-пен есептелетін жәрдемақы төлемдері мөлшері оның артуына (4325т) байланысты көбейді.
- Атап айтқанда, бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы және ай сайынғы бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы төлемдерінің мөлшері:
Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда берілетін бір жолғы жәрдемақының мөлшері (38-АЕК) 01.01.25ж. 149416 теңгені құраса, 01.01.26ж. бастап 164350 теңгені құрайды немесе 14934 теңгеге, ал төрт және одан да көп бала туылғанда (63-АЕК)247716теңгеден 272475теңгеге немесе 24759 теңгеге артты.
Ал, бала біржарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері тууы кезектілігіне байланысты 01.01.26ж. бастап бірінші балаға -24912 теңге, екінші балаға - 29454 теңге, үшінші балаға - 33952 теңге, төртінші және одан да көп бала туылғанда 38493 теңгені құрайды.
Сол сияқты, АЕК (4325т.)мөлшерінің ұлғаюына байланысты бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері де арттырылды.
Бұл жәрдемақылардың мөлшері балалар санына қарай сараланып ұлғайтылады.
Атап айтқанда, 4 баласы бар отбасыларға 69330теңге, 5 балаға – 86673теңге, 6 балаға – 104017 теңге, 7 балаға- 121360 теңге, 8 балаға - 138400теңге, 9 балаға-155700 теңге, 10 балаға- 173000 теңге және одан әрі жәрдемақы мөлшері бала санына қарай өзгереді.
Жаңа жылдан бастап «Күміс алқамен» марапатталған аналардың ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақысының мөлшері 27680 теңгені, ал, «Алтын алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 32005теңгені құрайды.
Жасына байланысты зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар қайтыс болған жағдайда, оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақының мөлшері 151375 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, АЕК (4325тг.)мөлшерінің ұлғаюына байланысты арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерінің мөлшері арттырылды.
Зейнетақылар мен жәрдемақыларды жаңа мөлшерде төлеу үшін қажетті қаражат республикалық бюджетте толық көлемде көзделген.
Бұл төлемдердің уақытылы және тұрақты жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Облыс бойынша 290,1 мыңнан астам зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың (оның ішінде зейнетақы алушылардың саны-89550 адам) төлем мөлшерін қайта есептеу автоматты түрде жүргізілді, 01.01.2026ж. бастап барлық төлем алушыларға көбейтілген мөлшердегі төлемдері төленуде.
Халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы реттеу және бақылау
комитетінің Қызылорда облысы
бойынша департаменті
Фото: Нұрболат Нұржаубай










