Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қолдан жасалған банкнотаны қалай ажыратуға болады?

Қолдан жасалған банкнотаны қалай ажыратуға болады?

Бүгін ҚР Ұлттық валюта күні қарсаңында ҚР Ұлттық банкінде түпнұсқа банкнотаны қалай жалған ақшадан ажыратуға болатыны түсіндірді, деп хабарлайды inform.kz 
Банк өкілдерінің айтуынша, ел ішінде көбінесе 2011 жылы басылып шыққан номиналы 5000 теңге болатын банкнотаның жалған нұсқалары жиі кездеседі.
Жалған теңге компьютерлік технологияның көмегімен жасалады.
Ақшаны ажырату үшін бірнеше ережені білу керек.
1. Ең алдымен банкнотаны ұстағанда, қағаздың шықырлақтығы басты белгі болады. Ақшада арнайы мөр басылады. «Қазақ Елі» монументінің бейнесі тұсында рельеф болады. Барлық банкнотада бұл рельефтер көзі нашар көретін зағип жандар үшін салынған.
2. Банкнотаның түсі анық, айқын әрі қанық болуы тиіс. Жарыққа қойып қарағанда су белгісін, номиналдың цифрлық бейнесін көруге болады. Сонымен қатар, банкнотаның шетіндегі магниттік жолақ болуы тиіс. Бұл жолақ жарыққа қарағанда тұтас боп көрінуі керек.
3. Номиналы 1000, 2000, 5000, 10 000 және 20 000 теңге болатын банкноталарды теріс аударғанда түсі құбылып тұратын сурет болады. Банкнотаны аударып төңкергенде бұл түс жасылдан алтын түске дейін құбылады. Осы белгілерді 5 секунд ішінде анықтап көруге болады. Бұл азаматтарды алаяқтардың қармағына түсіп қалудан қорғайтын қарапайым тәсіл.
15 қараша 2019 ж. 851 0