Кореяда қазақ тілі және домбыра үйірмесі ашылуы мүмкін

«Былтырғы жылы жазда қазақ елі шақырып, бесінші құрылтайға барып келгенбіз. Сол уақыттан бері Кореяда бүкіл қазақтарды жинап, бас қоссақ деген ой туды. Әрбір адам өз үлесін қосып отыр. Сол алыста жүрсек те, қазақ елі жүрегімізде», - деді Кореядағы қазақ диаспорасының өкілі Есімгүл Түсіпбекова.
Ұлыстың ұлы күнінде Сеулдегі Жаһандық орталықтың мұрындық болуымен мерекелік дастарқан жайылып, концерт ұйымдастырылды. Қоғамдастық алдағы уақытта Оңтүстік Кореяда қазақ тілі мен домбыра үйірмесін ашуды жоспарлап отыр.
«Қазақ тілі сабақтарын, өкінішке қарай, әлі өткізіп жүрген жоқпыз, мықты мамандар да шынымен жоқ әлі. Орыс тілін жүргізіп жатыр бірақ. Енді қазақ мектебін ашсақ, қазақи үйірмеден бастасақ па деген мақсатымыз бар. Домбыра сабағын өткізгенбіз, оған енді қазақтың азаматтары ғана емес, Корея азаматтары да көп қызығушылығын білдіріп отыр», - Кореядағы қазақ диаспорасының тағы бір өкілі Динара Қошқарбаева.
inform.kz
inform.kz