Бет күтімі: Қаймақтан жасалатын маскалар

Құрғақ теріге арналған маскалар
1-рецепт: Құрғақ және қалыпты теріні ылғалдандыру үшін 1 ас қасық қаймаққа 1 ас қасық үккіштен өткізілген қияр салыңыз. Бұл қоспаны бет терісіне жағып, 15 минут ұстаңыз.
2-рецепт: 1 ас қасық қаймақты, 1 жұмыртқаның сарысымен және 1 ас қасық үккіштен өткізілген сәбізбен араластырыңыз. Бұл масканы 15-20 минуттан соң жуып тастаңыз.
3-рецепт: 1 ас қасық езілген банан мен 1 ас қасық қаймақты араластырып, бетте 15-20 минут ұстаңыз.
Майлы теріге арналған маска 1 ас қасық қаймақты 1 жұмыртқаның ағымен және 1 ас қасық кез келген цитрус шырынымен араластырыңыз. Жұмыртқаның ағын қаймақпен бірге миксермен араластыруға болады. Бұл масканы бетте 15 минут ұстап, суықтау сумен шайып тастаңыз.
Барлық тері типіне арналған маска 1 ас қасық қаймаққа 2 ас қасық алоэ шырынын құйыңыз. Оны бетте 10-15 минут ұстаңыз.Қаймақ пен алоэ теріні сергітеді, тыныштандырады және жұмсартады.