Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 27 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.

27 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.

  kyzylorda-news.kz Тоқты
Жұмысыңызда жаңа жетістікке жетуге мүмкіндік бар. Ол үшін белсенділік танытуыңыз қажет. Басшылық барлығын назарда ұстап отыр.

Торпақ
Барынша сабырлы болыңыз. Қателікті болдырмау үшін ұсақ-түйекке де мән беріңіз. Сонда ғана жұмысыңыз жүйелі болады.

Егіздер
Жұмысты тиянақты орындап үйреніңіз. Әр күніңізге күн тәртібін орнатқаныңыз жөн. Сонда ғана ісіңіз алға басады.

Шаян
Табысын арттырғысы келген жандарға мүмкіндік туып тұр. Терең ойлансаңыз, қосымша табыс табудың амалын қарастыруға болады.

Арыстан
Егер кәсіп ашу немесе инвестиция құю бойынша жұмыс жасайтын болсаңыз, көздегеніңізге жетесіз. Жылжымайтын мүлікке де біраз қаржы құюға болады.

Бикеш
Өзгелер үшін таңсық болған жаңа идеяңызды тек өзіңіз ғана жүзеге асыра аласыз. Жаңа жоба арқылы мол қаржыға ие боласыз.

Таразы
Бүгінгі күніңіз материалдық жағдайыңызды ойлаумен өтеді. Қосымша қаражат көзін табу қажет деген ой мазаңызды алатын болады.

Сарышаян
Бүгінгі күн үй шаруасымен айналысуға, отбасымен бірге өткізумен өтеді. Сонымен қатар үй жөндеу жұмыстарымен айналысыңыз.
Мерген
Күніңіз тыныш өтеді. Барлық шаруаңыз ойдағыдай жүзеге асып, ісіңіз сәтімен болады.

Тауешкі
Алдыңызға мақсат қоя біліңіз. Оны орындау үшін күрделі дайындық қажет. Жұмыста бәсекелестік күшейе түседі.

Суқұйғыш
Өзге адамдардың жанын түсініп, оларға көмек көрсетуге әзір боласыз. Бірақ өз жеке өміріңізде көп мәселелер орын алады.

Балықтар
Бүгін жұмысқа белсене кірісесіз. Бірақ денсаулығыңызға күш түсіретін шаруалармен айналыспаңыз.
Аударған Динара МАХАНОВА
27 қаңтар 2020 ж. 725 0