3 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасында әуе тасымалы уақытша тоқтатылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бұл жағдай ҚХР-да жаппай коронавирус індетінің таралуына байланысты екен. Екі ел арасындағы әуе байланысы қашанға дейін тоқтатылғаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.