Жусан операциясы: Елге қанша адам қайтарылды? (ВИДЕО)

Былтыр ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үйлестіруімен Сириядан 595 қазақстандық қайтарылды.
«Операцияның бірінші кезеңінде 47 адам, оның ішінде 6 ер адам, 11 әйел және 30 бала, екінші кезеңінде 231 адам, оның ішінде 16 ер адам, 59 әйел және 156 бала балалардың 18-і жетім қалған. Үшінші кезеңінде 246 адам, оның ішінде 8 ер адам, 67 әйел және 171 бала бар. 9 бала жетім. Төртінші кезеңінде 71 адам, оның ішінде 3 ер адам, 19 әйел және 49 бала, оның 5-і жетім оралған. Жалпы Сириядан қайтарылғандар саны – 595 азамат болса, оның 33-і ер адам, 156-ы әйел, 406-ы бала, 32 бала жетімқалған. Елге қайтарылған барлық әйел мен бала оңалту және бейімдеу курсынан өтті», - деп хабарланды ҰҚК Youtube парақшасында.
Терррористік ұйымдардың әрекетіне қатысқаны үшін 31 ер адам мен 12 әйел сотталған. Сонымен қатар тағы 14 адам тергеліп жатыр.
Пікір 1