Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Латын әліпбиі – рухани тұтастық негізі

Латын әліпбиі – рухани тұтастық негізі

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауларының бірінде: «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманға ақпараттың тіліне айналдырады» – деген болатын.
Қазіргі таңда елімізде қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге байланысты іс-шаралар жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Түбі бір түркі дүниесі негізінен латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Ол – табиғи іс. Сондай-ақ бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақтар тұратынын ескерсек, солардың 80 пайызы латын әліпбиін қолданатын көрінеді. Демек біз болашақта латын әліпбиіне көшер болсақ, сол қандастарымызбен жақындаса түсеміз. Түсіне білген қоғам үшін мұның да маңызы зор екенін атап көрсеткім келеді.
Қайта жаңғыру заманындағы барлық озық технологияның үлгісі болып отырған латын әліпбиіне көшу бұл – еліміз үшін, өнеріміз бен мәдениетіміз үшін үлкен рухани құбылыс. Латын әліпбиін енгізу – халқымыздың білімі мен мәдениеті, өнерінің дамуына тағы бір серпіліс әкелетін дара жолы.
Елбасы айтқандай, латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Осы ел болашағы үшін қабылданғалы отырған маңызды шешімге қолдау білдіру, жақсыны үйренбекке ұмтылу – жүрегі «елім» деп соққан әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті деп түсінемін.
Б.Қанатбаева,
Арал аудандық мәдениет үйінің әдіскері
06 ақпан 2020 ж. 1 285 0