Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның астанасы болған тоғыз қала туралы білесіз бе?

Қазақстанның астанасы болған тоғыз қала туралы білесіз бе?

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан мен Қазақ хандығының тарихында 9 астананың болғанын біліп пе едіңіздер?
Олардың кейбіреулері бірнеше жылдың ішінде ғана астана болып табылған, ал басқалар ғасырлар бойы астана мәртебесіне ие болып тұрған. Әр қаланың өз міндеті болған, олардың әрқайсысы қазақстандық мемлекеттіліктің тарихындағы өз дәуірін бейнелеген еді. 
Созақ. Ежелгі Созақ қаласы Қазақстан хандығының алғашқы астанасы болған (1465–1469). Ол Жәнібек пен Керей — Қазақ хандығының негізін қалаған хандардың ордасы болып табылған. Бірақ та Әбілқайыр ханның өлімінен кейін даладағы билік үшін күрес қайта басталды. Астана осы қаладан көшірілген. Кейбір деректер бойынша, XVI ғасырда Шығай хан билегенде, Созақ қаласы Қазақ хандығының астанасы болып қайта аталған. Осы кездегі хандықтың ордасы ретінде Сығанақ қаласы болып саналған. Қазіргі кезде Созақ — Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын ауыл. Оның ортасында ортағасырлық бекіністердің қалдықтары сақталған.
Сығанақ. Сығанақ қаласының Қазақ хандығының астанасы қай кезде болғанын айту қиын болады, өйткені бұл туралы нақты деректер жоқ. Бәлкім, XV ғасырдың 70-ші жылдарынан XVII ғасырға дейін ол қала астана болған. Оның қалдықтары Сұнақата ауылынан солтүстікке қарай екі шақырым жерде орналасқан. Аталмыш ауыл Қызылорда — Шымкет тас жолында орналасқан. Қаланың атауы жазба деректерден және XIV ғасырда мұнда шығарылатын монеталардан белгілі болды. Сығанақ қаласы алғашқыда X ғасырдың деректерінде кездеседі, ал XI ғасырда Махмұд Қашқари оны оғыздардың қаласы деп атаған. Бір кезде ол керуендердің жолындағы сауда мен қолөнер орталығы болған. Қазіргі кезде шаһардың жанында құрғақ дала, мұнда сексеуіл, тікенекті бұталар өседі. Қыш тақталары мен күйдірілген кірпіштердің қалдықтары бар биік емес дөңдер ежелгі сәулеттік құрылыстардың дәлелі болып табылады. Сығанақ маңайында осындай құрылыстар аз емес болған деп көрінеді.
Түркістан. Түркістан қаласы (Яссы) түркі тілдес халықтардың рухани мен саяси орталығы ретінде белгілі болып, XVI ғасырдың аяғынан бастап XVII ғасырдың 30-ші жылдарына дейін Қазақ хандығының астанасы болған. Орта Сырдария Қазақстан хандығына кіргеннен кейін Яссы қаласы қазақ хандығының резиденциясына айналып кеткен, осы кезде ол ірі сауда мен қолөнер орталығы болып саналған. Қазақ хандары жас мемлекеттің құрамында болған көшпелі тайпаларды нығайту үшін осы қаланың геосаяси мен рухани маңыздылығын түсінген еді. Қазіргі таңда осы қалаға Қазақстанның, Орта Азия мен басқа елдердің мұсылмандары қажылық жасау үшін барады. Қажыға барушылардың сөзіне қарағанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жасаған үш сапар ұмраға — кіші қажылыққа теңестіріледі.
Ташкент. Қытайдан Еуропаға апаратын Ұлы Жібек Жолындағы ежелгі қалалардың бірі болған. Б. з. д. II ғасырда қалалық қоныс ретінде Ташкент туралы алғашқы мәліметтер шығыс дереккөздерде пайда болған. Қазақтар Ташкенті 1586 жылы жаулап алған, ал 1630 жылы осы қала Қазақ хандығының астанасы болып бекітілген. Шамамен жүз жыл бойы Қазақ хандығының ордасы болған. Есім хан Ташкент басшылығын жойып, Ферғана қаласын жаулап алғанда, бейбітшілік үшін Самарқанд, Бұқара қалаларынан бас тартады. Ташкент астана мәртибесіне ие болғанда, мұнда жыл сайынғы Мәслихат (заң шығаратын ең жоғары өкімет билігі ) жиналысы өткен. Бірақ та Ақтабан шұбырынды жылдарында (1723-1727) жоңғарлар қытайлықтармен бірлесіп, қазақтарға қарсы соғысып жүрген, осы кезде қазақтар Ташкент қаласынан айырып қалған.
Семей. Семей қаласы — Алаш автономиясының астанасы (1917-1920 годы). Семей қаласының тарихы 1718 жылы басталған. Ол Петр I дәуірінде салынған. Осы кездегі шығыс жерлерді қорғау мен Иртыш маңындағы бекіністерді салу туралы Петр I Жарлығы шыққан. Одан кейін Семей бекінісі өзінің әскери-стратегиялық нысан ретіндегі қызметінен айырмай, сауда орталығына-да айналып кетті. Сауда орталығы ретінде ол Ресей мен Қазақстанды, Ресей мен Орта Азияны, Батыс Қытайды байланыстырды. XIX ғ. мен XX ғасырдың басында осы қалаға Ресейдің зиялы қауым өкілдері жер аударылып жіберілген. Сол себептен де, Алаш автономиясының Орынбордағы жалпықырғыздық съезінде Семей қаласы астана ретінде таңдалған.
Орынбор. Орынбор қаласының негізі 1743 жылдың 19 сәуірінде қаланған. Алғашқы бекініс 1735 жылдың 31 тамызында қазіргі Орсктің орнында салынған, осылай, қаланың атауы да пайда болды — Орынбор (Орь өзенің бойында орналасқан бекініс). 1920 жылдың 26 тамызында Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті мен РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Қырғыз (Қазақ) АССР-ін кұру туралы Декреті шықты. Орталығы Орынбор қаласы болып белгіленді. Бірақ та 1925 жылы Қазақстан астанасы Сырдария өзенінің бойында орналасқан Ақмешіт қаласына көшірілген. Сондықтан да оның атауы Қызылорда (Қызыл астана) деп өзгертілген. Орынбор мен Орынбор облысы дербес губерния ретінде РСФСР құрамына кірді.
Қызылорда. Ақмешіт бекінісін 1820 жылы Қоқан ханы Омархан салғызған.. Бастапқыда ол қазақ даласындағы Қоқан хандығының форпосты ретінде болған. 1853 жылдың 28 шілдесінде оны В. А. Перовский басқаруымен орыс әскерлері жаулап алып, Форт-Перовский деп өз атауын берген. Осы кезде бекіністі Якуп бектің басқаруымен қоқандықтар қорғаған. 1917 жылдың 30 қазанында қалада Кеңес өкіметі орнады. Ал 1922 жылы қалаға оның бұрыңғы атауы Ақмешіт қайта берілген болатын. 1925 жылы астана Орынбор қаласынан осы қалаға көшірілді, сол себептен де қалаға Қызылорда деп атау берілген. 1925-1927 жылдары РСФСР құрамында болған Қазақ автономиялық республикасының астанасы Қызылорда болған.
Алматы. Алматы қаласы 1929-1998 жж. Қазақстан астанасы болған. X-XIV ғғ. қазіргі Алматының орнында ортағасырлық Алмату қонысы болған. Кейін 1854 жылы орыс казактары Верный фортын салынған. XIX ғасырда әскери бекіністі салу мақсатында мұнда казактар келген. Өңірдің сұлулығы мен қолайлы климаты оларды таңқалдырды. 1855 жылы Орталық Ресейден Верный қаласына алғашқы қоныстанушылар көшіп келген. Осы кезде Алаутау ауылдық округінің әкімшілік орталығы көшірілді. 1927 жылы құжаттар бойынша қала автономияның астанасы болып тағайындалды, ал шын мәнінде тек 1929 жылы астана қызметін атқара бастады. Осы кезден бері ауқымды құрылыстар жүргізіле бастайды. Қазіргі күнге дейін де қала Қазақстандағы ірі қалалардың бірі мен елдің мәдени орталығы болып табылады. 
Астана. Ақмола қаласының шексіз далаларында әртүрлі өркениеттер мен мәдениеттер тоғысқан. 1997 жылы саяси, экономикалық, халықаралық жағдайларға байланысты Республиканың астанасы қазақ даласының орталығына — Ақмола қаласына (қазіргі кезде — Астана) көшірілген. Өзінің қиын экономикалық жағдайына қарамастан, жас Қазақстан осындай шешім қабылдады.
2019 жылы Астана қаласының атауы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан болып өзгертілді.
E-history.kz
09 ақпан 2020 ж. 2 109 0