Тараптар дауды татуласу келісімімен аяқтады

Істі қарауға дайындау барысында, сотпен тараптарға араларындағы дауды татуласу рәсімдерін қолдану арқылы шешу құқықтары түсіндірілген.
Істі негізінен қарау барысында, тараптар дауды бейбіт жолмен татуласу келісімін жасасу арқылы шешуге ниет білдірген.
Келісімге сәйкес, жауапкер бір бас баспақты өтеуді міндетіне алған.
Сот ұйғарымымен татуласу келісімі бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.