13 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік туды

Мониторинг барысында сатып алынатын тауарлардың бағаларын нарық бағасынан 1,5 – 4 есеге дейін асырып көрсетілгендігі, мұнымен қоса техникалық қателердің орын алғандығы белгілі болды.
Осыған сәйкес, тиісті мекемелерге аталған жоспарларды қайта қарау жөнінде ұсынымдар берілді. Берілген ұсынымдардың арқасында сатып алынатын тауарлардың 13 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік болды.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдар мемлекеттік сатып алудың басты мақсаты - мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсап, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу қажеттігін естен шығармау қажет. Бұл бағыттағы мониторинг жұмыстары жалғасын табатын болады.