Мемлекеттік қызметшілер тергеу изоляторының жұмысымен танысты

Бұл жолы Қызылорда облыстық маслихат пен қаржы басқармасының, жалпы 30 аса мемлекеттік қызметшілері ЗК – 169/1 мекемесінің тергеу изоляторында болды.
Мемлекеттік қызметшілер қамаудағы ұстау шарттарымен танысып, аталған изолятордың карантин, изолятор, асханасын және изолятор камераларын аралатып тұрмыс жағдайын көрсетті.
Мекеме бастығы, әділет полковнигі Тасқараев Алмат Жұманұлы мемлекеттік қызметшілерді отбасының және қызметінің қадірін түсініп, бағалауға шақырды.
Cонымен бірге, ұйымдастырылып жатқан шараның тиімділігін жоғарылату мақсатында ЗК – 169/1 мекемесінде өз жазасын өтеп жатқан «А» есімді азаматпен сұхбаттасу өткізілді. Сұхбат барысында «А» есімді азамат, мемлекеттік қызметшілерге адал өмір сүріп, абыроймен қызмет атқарудың жәнебостандықтың қадірін түсінуге шақырды.
Бұл шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және оларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру болып табылады.