Мектеп директорларымен кездесу өткізілді

Кездесу барысында департамент басшысының бірінші орынбасары Б. Ниязов–білім беру жүйесінде сыйлас жемқорлық әрекеттерінің белең алуына жол бермей, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыруды және заң шеңберінде өз міндеттерін адал атқаруға шақырды.
Сонымен бірге,ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына енгізілген өзгерістер туралы хабарлама жасап, білім саласында орын алған қылмыстық құқықбұзушылық бойыншажиналысқа қатысушыларымен ҚР Қылмыстық-процестық кодексінің 200 – бабына сәйкес жолданған ұсынысты талқылады.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, арнайы бейнероликтер көрсетілді.