Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтауда жол тазалаушы әйелдерді құттықтаған бала жұртты сүйсіндірді (видео)

Ақтауда жол тазалаушы әйелдерді құттықтаған бала жұртты сүйсіндірді (видео)

Ақтаудың 10 жасар тұрғыны Әлижан "Қала жолдары" ЖШС-нің қызметкерлерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап шықты. Оның бұл әрекеті желі қолданушыларын қайран қалдырды, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап. 

Өзінің құттықтауын жеткіншек видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Сөзінше, оның анасы Әлиханға осындай ой салыпты. 
Әлихан қызметкерлерді құттықтауға деген ақшаны өзі жинапты. Бұл үшін ол қаладағы дәмханалардың бірінің бастығымен келісіп, онда сағыз сататын құрылғыны орнатыпты. 
Әлеуметтік желі пайдаланушылар оның бұл ісіне тәнті болып жатты.
"Міне нағыз азамат! Ол бұл әрекеті арқылы әйелдер қауымын аз да болса көңілін көтере алды", "Мұндай балаларды тәрбиелейтін ата-аналар бар кезде бізді ешкім жеңе алмайды" - д
еп жазыпты желі қолданушылары. 
11 наурыз 2020 ж. 526 0