Сәрсенбіге арналған ауа райы: Қызылордада шаңды дауыл соғады

25 наурызда антициклон ықпалында болатындықтан Қазақстанның басым бөлігінде күн райы ашық болады. Кей жерлерде тұман күтіледі, жел күшейеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.
Қызылорда облысында жел 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде шаңды дауыл соғады.