30 наурызға арналған ауа райы болжамы
30 наурызға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 наурыз күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тек оңтүстік-батыста күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Өңірлерде тұман, екпінді жел сақталады, оңтүстікте сондай-ақ шаңды дауыл болады."Қазгидромет" РМК мәліметінше, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, 15-20 м/с желдің екпіні 23 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.
Қарағанды облысының күндіз кей жерлерінде жел 18 м/с артады.
Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде 16 м/с екпінде жел тұрады.
https://baq.kz/