Санитарлық шаралар тұрақты жүргізіледі

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев дезинфекциялау жұмыстары жасалып жатқан аймақтарда болып, санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың барысын қадағалады. Тиісті сала басшыларына жұмысты тиянақты жүргізу қажеттігін тапсырды.
Алдағы уақытта да санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады.