Коронавирус: Қазалыдан жұртты «қашуға шақырған» тұрғын ұсталды
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты «WhatsApp» мессенджерінде түрлі қауесет таратып жатқандар бар. Олар халықтың арасына жалған ақпарат жіберіп, елді дүрбелеңге салуда.
Соның бірі жақында ғана «Қазалы ауданына қарасты бұрынғы «Қырықжылдық», қазіргі Жанқожа батыр елді мекенінде коронавирус індеті анықталған 1 азамат белгілі болды, осы елдің тұрғындары жан-жаққа қашып жатыр, індет жұқтырған азамат қалтырап ауырып жатыр» деп тараған хабар болатын.
«Осы жалған ақпаратты таратқан азаматты аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтады. Ол Әйтеке би кентінің тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда бұл азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабы 4 бөлігі бойынша іс қозғалды», – деп мәлімдеді Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.