Қызылорда облысында күн күрт суытады: ІІМ ескерту жасады

ІІМ жылдамдықты арттыру, ескерту белгілеріне назар аудармау және елемеу әрекеттерінің салдарлары қайғылы жағдайларға әкеп соғатынын ескертеді.
«Көктайғақ кезінде автомобильмен қауіпті маневрлер жасау және шұғыл тежеу жол-көлік оқиғаларын жасауға әкеп соғады. Жаяу жүргіншілер де дымқыл және тайғақ жолда автомобильдің тежегіш жолының ұлғаятынын ескеруі қажет. Сондықтан көлік құралының тоқтағанына көз жеткізу керек», - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Еске салайық, кеше еліміздің оңтүстігіндегі бірнеше облыста қар жауған болатын. Ал солтүстігінде жатты жел тұрып, 400-ге жуық ғимарат зардап шеккен.
https://syr-media.kz/