Еліміздің бірнеше өңірлерінде ескерту жарияланды

Астана мен Ақмола облысы"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, 17 ақпанда Ақмола облысында кей жерде боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады. Бұл күні желдің екпіні 15-20 м/с-қа жеті мүмкін.
Астанада синоптиктер құбылмалы ауа райы болады деп хабарлады. 17 ақпанда қар қалың жауып, тұман түседі және көктайғақ болады.
Жамбыл облысы. Осы жексенбіде облыста қатты жел соғады – 15-20 м/с. Келесі күні 18 ақпанда түнде желдің ұйытқуы 23-28 м/с болуы мүмкін. Атап өтсек, облыста алдағы тәулікте тұман түсіп, көктайғақ болады.
Таразда тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерде ұйытқуы 23-28 м/с.
Таразда тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерде ұйытқуы 23-28 м/с.
Түркістан облысы. 17 ақпанда Түркістан облысында тұман, көктайғақ, күндіз жауын-шашын мол түседі. Өңірде желдің ұйытқуы 15-30 м/с