Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Астана қаласында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің болжамынша, Астанада ертең бұрқасындатып, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде және таңертең 15-20 м/с дейін жетеді. 9 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, бұрқасындатады. Желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Көкшетауда – көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 
9 қараша күні Шығыс Қазақстан облысында ауа райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады деп болжануда. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің 15-20, екпіні 25 м/с дейін барады. 
Өскеменде қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады, қатты жел соғады. 
Семейде де – қар, жаңбыр, бұрқасын, көктайғақ, жел. 
Ертең Қостанай облысында да ауа райы бұзылады. Бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

sputniknews.kz
08 қараша 2018 ж. 1 147 0