Медицина қызметкерлерінің үстемеақысы тамыз айына дейін төленеді

«Төлемдердің жартысы төленді. Қалған бөлігі биыл тамыз айына дейін төленетін болады», – деді вице-премьер.
Сонымен қатар Е. Тоғжанов жұмысқа шығатын ата-аналарға қолайлы болу үшін балабақшаларда кезекші топтар ұйымдастырылатынын айтты. Бірақ санитарлық нормаларды сақтау қажет болады.
«Мысалы, балабақшаларда әрбір топта 25-30 баладан бар. Карантин кезеңінде сақтық шараларын ескере отырып, топтардағы балалар санын 15-ке дейін ғана жеткізу керек. Бұл ретте жұмыс істейтін әр ата-ананың балаларын балабақшада қалдыру мүмкіндігі бар екенін атап айтқым келеді», – деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары.