Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңақұрлыстықтар ризашылығын білдірді

Жаңақұрлыстықтар ризашылығын білдірді

Ойды ой қозғайды, ойламасаң сөз қайдан туады деген. Жақсының игі істері мен, жанға жылу беретін жақсы сөздерін айту, алдыңғы буынға да кейіні ұрпақтарға да төл газетіміз Толқын арқылы айтуды жөн көріп, қолыма қалам алдым. Елдегі жасалып жатқан үлгі аларлық жақсы істерді айту үлкендік парызым деп білемін. Халқың қаласа хан боларсың – деген, облыстың жаңа басшысы Гүлшара Наушақызы Әбдіхалықованың солтүстік аудандардың елді мекендерін аралайды деген хабар естігеннен кейін ауыл тұрғындары бір қуанып қалды. Әрине халық қасиетті рамазан айының ораза күндеріндегі іс сапарына сәттілік тілеп, тілеулестіктерін білдіруде болды. Шалғайдағы елді мекендердің тыныс тірліктерін көзбен көріп, жергілкті халықпен кездесуі, бұл халықпен – биліктің бір-біріне жақындауы деп білеміз. Жолдың ойлы-шұқырлығына қарамай ұзақ жол жүріп келген аймақ басшысының жүзінде шаршаңқылық білінбеді.
Түтіні түзу, бірлігі мен тірлігі жарасқан Жаңақұрылыс елді мекенінің ауыл тұрғындары мен ардагерлерімен кездесіп, ауылдың тыныс тіршілігімен танысты. Халықтың ұсыныс пікірлерін тыңдады. Халыққа керегі бүгінгі таңда автожолмен байланыс, интернет жүйелері оң шешімін тапса екен деген сауалдарына аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы Оразбаевпен бірлесе отырып оң шешімін табатындығын айтты. Әрине біз оған ризашылықтарымызды білдірдік.
Жолдың ауыртпалығына қарамай, қанша шақырым жол жүріп, жол жағалай орналасқан елді мекендерінің тыныс-тіршілігін көзбен көріп, тұрғындардың өтініш тілектерін ауызба-ауыз есітіп, аманат арқалау үлкен жұмыс оны орындау одан да үлкен жұмыс екенін халық біледі, басшы да біледі. Облыс басшысының іс-қимылы, сөздеріне ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, ауыл ақсақалдары қасиеті рамазан айындағы іс-сапарына сәттілік тіледі.
Сердалы Шалбаев
Жаңақұрлыс ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Арал ауданы.
17 мамыр 2020 ж. 461 0