Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Абайлаңыз, алаяқ!

Абайлаңыз, алаяқ!

BAQ.KZ. Төтенше жағдай режимі аяқталғанына қарамастан, Қарағанды облысында карантиндік шектеулер, оның ішінде кейбір тауарлар мен қызметтерге шектеулер сақталуда.

Көп кәсіпорындар алыстан қызмет көрсету режимінде.
Сондықтан азаматтар интернет-дүкендердің және онлайн-жеткізулердің қызметтеріне жүгінуде. Осыны пайдаланып, алаяқтар интернетте өздерінде іс жүзінде жоқ тауарлар мен қызметтерді ұсыну бойынша белсенді әрекет ете бастады. ТЖ кезеңінде өңірде аталған алаяқтық фактілері шамамен 30%-ға артты – делінген Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Мысалы, 7 мамыр күні Қарағанды қаласының тұрғыны "Kolesa.kz" сайты арқылы автокөлік бөлшектеріне тапсырыс беріп, олар үшін 40 мың теңге көлеміндегі толық соманы аударған.
Алдау жолымен ақша қаражаттарын қолға түсіргеннен кейін алаяқ байланысқа шығуды қойған. "Instagram" әлеуметтік желісі арқылы интернет-дүкеннен ұялы телефон алуды ұйғарып, қылмыскерлерге 140 мың теңге аударған тағы бір азамат та алаяқтардың құрбаны болды. Бұл екі факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Кінәлі тұлғалар анықталуда – дейді мамандар.
Осыған байланысты, Қарағанды облысының прокуратурасы азаматтарды абай болып, тауарлар мен қызметтерді тексерілген, заңды интернет-көздері арқылы сатып алуға шақырады.  
Сонымен қатар, алаяқтық қылмыстары үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертеміз.
https://baq.kz/
20 мамыр 2020 ж. 769 0