Мақтааралдағы ТЖ: ауылдардағы су тартылды
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су басқан елді мекендердегі су тартылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі."Жақсы жаңалығымды бөлісуге асығып отырмын! Мақтаарал ауданында су басқан елді мекендердегі су тартылды. Әкімдіктің, ТЖК, әскери қызметкерлердің және Өзбекстанның ТЖМ өкілдерінің көмегімен қысқа мерзімде суды арнасына жіберу мүмкін болды", - деп жазды Қалқаманов.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басқанын мәлімдеген болатын.
kaz.tengrinews.kz










