САҚТАНҒАНДЫ САҚТАЙДЫ

Шындығында бұл ойнайтын дүние емес.
«Сенбейміз, бұл қолдан жасалған індет», - деп сақтық шараларына жүрдім-бардым қарап жүргендер әлемдегі жағдайға бір зер салып көрсе дейміз. Күні кешеге дейін сондай ойда болып, әлемді жайлаған пандимияға қатысты екіұдай ойда болған Бразилия мемлекетінде бүгінде науқастар саны күрт көбейді. АҚШ сынды алпауыт мемлекеттердің өзі әлі де күресіп жатыр. Сондықтан «болды» деп босаңсуға болмайды. Қазірдің өзінде еліміз бойынша қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 9 мыңға жуықтады. Бұл қуанатын көрсеткіш емес. Керісінше жағдайға қарап сақтық шараларын әлі де ұстану керек секілді.
Иә, әлемнің екі жүзден аса елінде анықталған эпидемияның бүгінде құрбандары 350 мыңға жуықтаған. Ал жалпы жұқтырғандардың саны 5 жарым миллионнан асып кеткен. Өкінішке орай бұл статистика. Одан қашып құтыла алмаймыз. Сенсек те, сенбесек те бұл мәліметтер сағат санып өзгеріп жатыр. Сондықтан аудан тұрғындары да осы бір қауіпті індеттің алдын алуда сақтық шараларын әлі де қаперінде ұстауы керек деп ойлаймын. Біз жақсы жетістіктерге бірлесіп іс қылу арқылы жетеміз.
НҰРҚОЖАЕВ АСЫЛХАН,
Медицина саласының ардагері, врач-травматолог