Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Полицияның бекініс пунктінде жедел әрекет ету тобын құру қажет

Полицияның бекініс пунктінде жедел әрекет ету тобын құру қажет

Kyzylorda-news.kz. Мұндай жедел топтарды құру қажеттілігі отбасына, әйелдер мен балаларға қатысты проблемалар мен мәселелерді шешуде тиімді мекемеаралық байланыстың болмауынан туындап отыр. Бұл жағдай отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес жұмыс тобының аймақтарға сапары кезінде анықталған.
«Nur Otan» партиясы жанындағы отбасы, әйелдер мәселелері және балалар құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің бейнебайланыс  режимінде өткен  отырысында  осы мәселе жан-жақты қаралды.
Кеңес төрағасы Динара Закиеваның айтуынша бүгінде   отбасыда әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық жасалатын жағдайлар анықталған кезде тиісті қызметтердің жедел және уақтылы әрекет етпеуі, осындай жағдайда шешім шығарып, басына іс түскен отбасыларды қиын жағдайдан шығару үшін уақтылы шаралар қабылдап, көмек көрсете алмауы да орын алып отыр.
Атап өту керек, «Nur Otan» партиясы «Бақытты отбасы» партиялық жобасының 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасының «Отбасы мен балаларды құқықтық қорғауды қамтамасыз ету» бөлімінің 2.1. тармағы аясында барлық қалалар мен елді мекендерде жедел әрекет ету топтарын құру қарастырылған.
Бұл топтар жоғарыда атап өткендей   қиын жағдайға тап болған отбасыларды, нашар (дисфункционалды) отбасыларды, балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасалатын отбасыларды, сондай-ақ балаларды оқытумен, тәрибиелеумен, оңалтумен және емдеумен айналысатын мекемелердегі балаларға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгездік және басқа да заңға қайшы іс-әрекеттерді анықтап, анықталған келеңсіздіктер бойынша нақты және атаулы көмек көрсетуі тиіс.
Осыны ескеріп, Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес «Бақытты отбасы» жол картасының «Отбасы мен балаларды құқықтық қорғауды қамтамасыз ету» бөлімін іске асыру барысында жедел әрекет ету топтарымен қамтылған барлық қызметтердің мекемеаралық өзара іс-қимыл алгоритмін пайдалануды ұсынады.
Бұл үшін полицияның әрбір бекініс пунктінде жедел әрекет ету тобын құру қажет.
  • Оның құрамында мынандай мамандар болуы тиіс:
  • әлеуметтік қорғау маманы (модератор)
  • кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор;
  • учаскелік полиция қызметкері;
  • мектеп инспекторы;
  • әлеуметтік педагог;
  • педагог-психолог;
  • патронаждық медбике;
  • партия филиалының өкілі;
  • волонтер.

27 мамыр 2020 ж. 595 0