Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Өзіңіздің тапқырлығыңыздың және тың тәжірибелеріңіздің арқасында барлық шаруаларыңызды соңына дейін жеткізесіз. Қаржы мәселесі де оң шешіледі.
Торпақ
Сіздің іскерлігіңіз бен өз ісіңізге деген ынтаңыз жұмыста табысты болудың басты кепілі болмақ. Егер сіз жұмыс алушы болсаңыз онда бүгін сіз үшін сәтті күн. 
Егіздер
Бүгін бар назарыңызды жеке өміріңізге аударыңыз. Бүгінгі күн ғашық болуға, сезіміңізді білдіруге қолайлы күн. 
Шаян
Сәттілік серігіңізге айналады. Қызметте өсуді көздейсіз. Сіздің талантыңыз, іскерлігіңіз көлеңкеде қалып қоймайды.
Арыстан
Бүгін ешқандай мәселе туындамайды. Күш-қуатыңыз да тасып, барлық шаруаны тез атқара аласыз.
Бикеш
Бүгін іскерлік кездесулер ойдағыдай өтеді. Серіктестермен бірге жұмыс көлемін ұлғайтып, істеріңіз берекелі болмақ.
Таразы
Бүгін білім көкжиегін кеңейтетін күн. Сондай-ақ бүгін білім беру саласының және саясатқа жақын жандардың жолы болады.
Сарышаян
Егер күш-қуатыңыз тасып, энергияға толы болсаңыз күніңіз сәтті өтетін болады. Саяхаттап немесе жұмыс барысымен сапарға шығуыңыз мүмкін.
Мерген
Айналаңыздағы адамдардың көңілін өзіңізге аудара аласыз. Ұйымдастырушылық қабілетіңіз артып, таныстарыңыздың арқасында біраз шаруаны тындырасыз.
Тауешкі
Мақсатқа жету үшін біраз еңбектенуіңіз қажет. Алға қарай ұмтылу арқылы өз мақсатыңызға дер кезінде жетіп, армандарыңыз орындалады.
Суқұйғыш
Қаржылық жағдайыңызды жақсартуға тырысыңыз. Жаңажұмыс іздеп, нақты қадамдар жасағаныңыз дұрыс. Қосымша табыс табуға тырысыңыз.
Балықтар
Бүгін көп ұйықтаңыз. Үй тірлігін де, жұмысты да кейінге қалдырып демалыңыз. Өз өміріңізді қиындатпай, барлығын жеңілдетуге әрекет етіңіз.
kyzylorda-news.kz
01 маусым 2020 ж. 413 0