Арал ауданында 33 көше жөндеуден өтеді

Осы орайда республикалық бюджеттен 662 649 мың теңге қаржы бөлінген.
Бұл туралы Арал аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Амантай Тасқынбаев мәлім етті.
Сонымен бірге Арал аудандық маңызы бар «Ескіұра елді мекеніне кіре беріс» автожолының құрылысына мән беріледі. Жөндеу жұмыстары аясында 43 адам жұмыспен қамтылады.
