Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ алдында WhatsApp-тағы ата-аналар чаты бақылауға алынады

ҰБТ алдында WhatsApp-тағы ата-аналар чаты бақылауға алынады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ҰБТ алдында WhatsApp желісіндегі ата-аналар мен түлектер чатын бақылауға алады. Қазірдің өзінде ақша төлесе, баласының тестлеуден жақсы баға алып шағатынына уәде беріп жүрген белгісіз азаматтар бар екені анықталды. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі ведомство баспасөз қызметіне сілтеп хабарлайды.
21 маусымнан бастап елімізде бірыңғай ұлттық тестілеу басталады.
Тест тапсырудың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін еліміздің барлық өңірлерінде білім және ғылым министрлігі құрамына арнайы мониторинг тобының өкілдері, "адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері кіретін жұмыс топтарын құрды. Аталған топтың негізгі мақсаты тестілеуді өткізудің "тазалығына" мониторинг жүргізу болып табылады.
"Қазір агенттік WhatsApp мессенджерінде және әлеуметтік желілерде ата-аналар топтарына мониторинг жүргізіп жатыр. Осыған байланысты агенттік оқушыларды тек өз білімдеріне ғана сүйене отырып тест тапсыруға шақырады. Ал ата - аналар тестілеуден оң баға алу үшін пара берсе, қылмыстық жауапкершілік пен бас бостандығынан айыру көзделгені туралы ескертеді", - деп хабарлады агенттікте.
Егер азаматтар осындай заңсыз ұсыныстарға тап болса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Сall-center 1424 қоңырау шалу қажет.

19 маусым 2020 ж. 610 0