Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Дипломмен ауылға". Жобаға қатысушыларды қандай артықшылықтар күтеді?

"Дипломмен ауылға". Жобаға қатысушыларды қандай артықшылықтар күтеді?

"Дипломмен ауылға" жобасы елімізде 10 жылдан астам уақыттан бері жүзеге асырылып келеді. Ол ауылдық жерлерде жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы білікті мамандарды ынталандыру мақсатында әзірленді, - деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Қатысушылар тұрғын үй алуға бюджеттік несие түрінде мемлекеттік қолдау алады. Оның максималды сомасы жыл сайын артып келеді. Бүгінде бұл 4,1 миллион теңге (1500 АЕК). Несиелеу мерзімі 15 жыл, несиелеу мөлшерлемесі 0,01% құрайды. Сонымен қатар, көшуге арналған жәрдемақы қарастырылған.
 "Тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Өтініштер қабылданады, қатысуға сұраныс үнемі өсуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жастар жылы" аясында қаржыландыру көлемі ширек есе арттырылды. Бұл мамандардың едәуір бөлігін тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп нақтылады баспасөз қызметі.
ҚР ҰЭМ "Дипломмен ауылға" жобасының тиімділігін арттыру мақсатында заңнамалық және нормативтік актілерге бірқатар өзгертулер енгізілгенін атап өтті. Осылайша, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие мөлшері 630 АЕК-тен 1500 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Мамандардың жұмыс істеу мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқарды. Жәрдемақы мөлшері 70 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Мемлекеттік қызмет электрондық форматқа "Электрондық үкімет", сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы аударылып келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мен құжаттар саны қысқарды. Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, "Дипломмен ауылға" жобасының нормалары мемлекеттік қызметшілерге де таратылатыны жоспарлануда.
Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, заңнамаға ауылдағы мемлекеттік қызметшілер де "Ауылдағы дипломмен" жобасын қолдана алатындай түзетулер енгізілуде. Қазір заң жобасы Парламентте қаралуда.
massaget.kz
22 маусым 2020 ж. 676 0