Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік органдардың сайты бірыңғай платформаға көшті

Мемлекеттік органдардың сайты бірыңғай платформаға көшті

Елімізде 17 министрлік, 48 комитет пен 10 жергілікті атқарушы органның интернет-ресурстары бірыңғай платформаға көшті. Бұл жөнінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі мәлімет таратты.
Мемлекеттік орган және оның құрылымдық бөлімшесі туралы негізгі ақпарат ашық түрде, олардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады. Мұндай сайттардың саны жүздеп саналады. Бұл – министрліктердің, олардың комитеттері мен департаменттерінің сайттары, облыстар, қалалар, аудандар, ауылдар және басқа да ведомство, әкімдіктер сайттары.
«Мемлекеттік органдардың барлық сайттары біріктіріліп, ақпарат алу мен өзара іс-қимыл жасаудың бірыңғай терезесіне айналды. Менің ойымша, біз үлкен жұмыс атқардық және сол арқылы азаматтар мен мемлекеттің өзара іс-қимыл процесін жеңілдеттік», – дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
МО ИРБП -да барлық мемлекеттік органдар үшін олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелерін ескере отырып, бөлімдер құрылған, оның ішінде контентті толтыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Бөлімдердің жалпы саны 900-ге жуық.
Жаңартылған құрылымы бар бірыңғай дизайн, ыңғайлы навигация және оңай ақпарат беру оны іздеуді жеңілдетеді. Мемлекеттік органдардың жаңалықтары, анықтамалық ақпарат, құжаттар, НҚА және т.б. басқа ресурстарға ауыспай, 2 рет басу үшін бірыңғай платформада қолжетімді.
«Сұрақ-жауап» сервисінің көмегімен пайдаланушылар ЭЦҚ пайдаланбай-ақ мемлекеттік органдарға ашық сұрақ қойып, жауап ала алады.
Қазіргі уақытта МО ИРБП функционалын жаңғырту жалғасуда және мемлекеттік органдардың сервистері ауыстырылып жатыр.
kyzylorda-news.kz
25 маусым 2020 ж. 541 0