Арал ауданындағы жаңа төселген асфальттың сапасы талапқа сай емес болып шықты
Арал ауданындағы жаңа төселген асфальттың сапасы тиісті талапқа сай емес, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл жол Бекарыстан би – Жаңақұрылыс бағытында салынған болатын. Жолдың ұзындығы 9 шақырым. Алайда сол бөліктен алынған 27 сынаманың барлығынан кемшілік анықталған.
Жоба бойынша жолдың қалыңдығы 6 сантиметр болуы тиіс. Бірақ мердігер 4 сантиметрден асырмаған. Асфальттың сапасы да төмен болып шықты.
Мамандар мамыр айында жол құрылысындағы олқылықтарды орнына келтіруге міндеттеген. Алайда сол уақыттан бері ештеңе өзгермеген.
Екі елді мекен арасын жалғайтын жолды жаңарту ауылдықтардың талай жылғы арманы еді. Оған мемлекет қазынасынан қыруар қаржы бөлінген.
Енді мердігер жолды қайта сүріп, жаңа асфальт төсеуі керек.

«Қазір қайтадан тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, ешқандай қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілмеген. Қалыңдығы әзірге сол күйінше, талапқа сай емес», – «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалының зертхана меңгерушісі Ержан Усманов.«Осы жерде анықталған кемшіліктердің бәрін мойындап, жоюға жұмыс жасаймыз», дейді мердігер Нұрлан Аманбаев.