Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АӘК тағы да автоматты түрде тағайындалады

АӘК тағы да автоматты түрде тағайындалады

ҚР Президенті жанындағы өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен онлайн брифингте атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселелері туралы Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы айтып берді.

2020 жылдың басынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа техникасы енгізілді. Жалпы, АӘК көмек көрсетудің жаңа тетігіне сәйкес, тоқсан сайын құжаттарды тапсыру қажет. Биылғы жылдың екінші тоқсанында ҚР-да енгізілген төтенше жағдайға байланысты министрліктің бұйрығымен 4222 отбасыға АӘК тағайындау автоматты түрде ұзартылды. Қазір коронавирус індеті жағдайын ескере отырып, министрлік АӘК алушылардың қызметін автоматты түрде қарастыратын бұйрық жобасын әзірлеп жатыр. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін біздің өтінім бойынша бұйрық дайындалып жатыр, - деді ол. Атаулы әлеуметтік көмекке бірінші жарты жылдықта тапсырмаған азаматтар egov.kz арқылы өтінім беруге құқылы. Жеке басты куәландыратын құжатты өткізсеңіз болады. Басқа мемлекеттік органдардан қажетті құжаттарды біз өзіміз өтінім беріп, алатын боламыз, - деді Данияр Әлкебайұлы.
Ол атағандай, бұйрық шықсымен АӘК автоматты түрде тағы да тағайындалады. 
baq.kz


03 шілде 2020 ж. 643 0