Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz 4 шілдеге арналған жұлдыз-жорамал
Тоқты
Сабырлы және тиянақты болсаңыз, күніңіз сәтті өтеді. Болмашыға жүйкеңізді жұқартпаңыз. Сондай-ақ жұмыс барысында жалқаулық танытып, шаруалардың барлығын ертеңге қалдырмаңыз. Әріптестеріңізбен немесе серіктестермен келіспеушіліктер орын алуы мүмкін.
Торпақ
Өзіңізді көп шаршатпаңыз. Жұмыс көп, барлығын дер кезінде орындап тастағыңыз келеді, кейінге қалдырғыңыз жоқ. Дегенмен күш-қуатыңызды сарп етпегеніңіз жөн. Маңызды мәселелерді түстен кейінгі уақытқа қалдырыңыз.
Егіздер
Бүгінгі күн қиын тапсырмаларды орындауға және жаңа жұмысты қолға алуға өте қолайлы күн. Дәл қазіргі сәтте жұмысты неден бастау қажет екенін және мақсатқа қалай тез жетуге болатынын білесіз. Көп жұмыс істеуіңізге тура келеді.
Шаян
Маңызды шаруаларға ғана ой бөліңіз. Болмашыға бола жүйкеңізді жұқартпаңыз. Сонда ғана сіз күніңізді сәтті өткізіп, табысты боласыз. Уайым, алаңдаушылық жұмысыңыз түгіл күнделікті шаруаның өзін атқаруға кедергісін келтіреді.  
Арыстан
Бірлесіп жасаған шаруа қызықты, әрі пайдалы болмақ. Осы жұмыс арқылы болашағыңыз жарқын болатынына сеніңіз. Маңызды ақпараттарға қол жеткізіп, тәжірибелі адамдардан ақыл-кеңес аласыз.
Бикеш
Бүгін ұстамдылық және салқынқандылық танытуыңыз қажет. Эмоцияға берілмеңіз, сонда ғана қателіктердің алдын аласыз. Кешке қарай арқаны кеңге салып, достармен басқосуға болады. Романтикалық кеш ұйымдастыруға да әбден болады.
Таразы
Өз қалауыңыз бойынша жүресіз. Еркіндікті қалайсыз. Сондықтан өз бетіңізше әрекет етіп, өз күшіңізбен қаражат тапқанды жөн санайсыз. Ешкімнің көмегіне жүнгінгіңіз келмейді, сондай-ақ ешкімнен қаржылық қолдау да күтпейсіз.
Сарышаян
Жақындарыңызбен әңгіме-дүкен құруға таңертеңгілік уақыт тиімді болмақ. Бұл мағынасыз, жөнсіз әңгіме болуы мүмкін. Алайда ол сіздің көңіл-күйіңізді көтеретін болады. Сондықтан әңгімені соңына дейін тыңдап, барынша көмек көрсетуге тырысыңыз.
Мерген
Бүгін қызықты танысулар орын алады. Сіз өзіңізге және достарыңызға ұқсамайтын жанмен таныс боласыз. Онымен тез тіл табысу мүмкін болмайды. Дегенмен оның өміріңізде орын алуы кездейсоқтық емес екенін ұғасыз. Бүгін сәттілік серігіңізге айналады.
Тауешкі
Маңызды сауалдарға жауап табуыңыз қажет. Бұл сізге оңайға соқпайды. Бірінші сәтсіздіктен кейін салыңыз суға кетпесін. Мәселені шешуге талпыныңыз. Соңында бұл оң нәтиже берері анық. Сіз өз дегеніңізге жетесіз. Өз күшіңізге сеніңіз.
Суқұйғыш
Жағымды жаңалыққа толы күн. Жұмыста сәттілік серігіңіз болып, жұмысыңыз іш пыстырмайды. Көптен бері көрмеген таныстарыңызбен жолығып, әңгіме-дүкен құрасыз. Қаржыға қатысты шаруада сақ болғаныңыз жөн. Несие алуға асықпаңыз.
Балықтар
Сауда-саттық жасауға қолайлы күн. Сіз ақшаны қайда жарату керек екенін, қай кезде үнемдеуді жақсы білесіз. Жұмысқа қатысты аздаған мәселелер туындауы мүмкін. Алдағы күндерге жасаған жоспарыңызды өзгертуге тура келеді.
04 шілде 2020 ж. 367 0