Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Күн сәтті басталмайды. Аздаған қиындықтар туындап, түсінбестік орын алуы мүмкін. Оқиға желісін өзгертуге талпынасыз, алайда барлығы сіз ойлағандай болмайды. Сондықтан жаныңыздағы адамдарға ашуланасыз.
Торпақ
Жан-жағыңызды байқап, бақылап жүріңіз. Ойланбастан шешім шығармаңыз. Егер барлығын сақтықпен жасайтын болсаңыз, барлық ісіңіз сәтті болмақ. Кейде өзіңізге-өзіңіз мәселе тудырып аласыз.
Егіздер
Күніңіз сәтті өтеді. Бірақ сіз бұған қанағаттанбайсыз. Көп үміт артқан адамыңыз сеніміңізді ақтамайды. Әлбетте, бұл сізге ұнамайды. Өзіңізге деген сеніміңіз де жоғалып, іс-әрекетіңізге сырт көзбен қарайсыз. Өзіңізді көп шаршатпаңыз.
Шаян
Күніңіз қызықты оқиғаларға толы болмақ. Бірақ оларды қабылдау сізге аздаған қиындық туғызады. Мәселенің анық-қанығына жеткеннен кейін барлығы өз орнына келеді. Жақын тұтатын адамыңызбен ашық әңгімелесіңіз.
Арыстан
Түске дейінгі уақытыңызды тиімді пайдалануға тырысыңыз. Дәл осы уақытта тапсырмаларды орындауға мүмкіндік көп. Сондай-ақ өзекті мәселелерді шешуге де болады. Жұмысқа қатысты түскен ұсыныстарға көп ойланбаңыз.
Бикеш
Өте жақсы күн. Жалқау адамдардың өзі бүгін біраз шаруаны тындырып, қиындықты еңсере алады. Сонымен қатар бүгін кез келген маңызды сұрақтарға жауап тауып, көптен алаңдатып жүрген мәселенің мән-жайын анықтауға болады. Жақындарыңызбен келіспеушіліктер артта қалады.
Таразы
Алаңдамаңыз. Сіз сабырлық сақтасаңыз, барлық мәселе оң шешімін табатын болады. Егер ашуға булықсаңыз, барлығы керісінше болатынына күмәніңіз болмасын. Барлық шаруаңызды назардын тыс қалдырмаңыз.
Сарышаян
Бүгінгі күніңіз жай күндердің бірі емес. Бұл күн жақсылығымен есте қалады немесе барлығы керісінше болуы мүмкін. Достарыңызбен немесе әріптестеріңізбен сөзге келіп қалуыңыз ғажап емес. Сіз өте сезімталсыз.
Мерген
Қандай істі қолға алсаңызда «жеңіс менікі» деуден аулақ болыңыз. Кез келген мақсатқа жету үшін көп тер төгу қажет. Бүгін көп уақытыңызды болмайтын істерге жұмсап, шаршап қалуыңыз мүмкін.
Тауешкі
Қарбалас күн. Бірден мақсатқа жетуге асығасыз. Бірақ барлық ұсақ-түйек тірліктің өзіне зор еңбек қажет екенін естен шығармаңыз. Сенгіш, аңғал адамдар өзгелердің құрған қақпанына тез түседі. Сондықтан әр қадамыңызға абай болыңыз.
Суқұйғыш
Асықпаңыз. Сіздің басыңыздағы оқиғалар сәтімен аяқталатын болады. Айналаңыздағы адамдарға жақсы қырыңызды таныта біліңіз. Жолыңызда бірінші кездескен кедергіге бола кері шегінбеңіз.
Балықтар
Жемісті күн. Барлық ісіңіз сәтімен басталады. Олардың нәтижелі аяқталатынына сеніміңіз мол. Сондықтан шаршау дегенді білмей, тынбай еңбек етесіз. Бастаған шаруалардың барлығын соңына дейін жеткізуге тырысасыз.
kyzylorda-news.kz
11 маусым 2020 ж. 401 0