Дәрігерлер коронавирусты қалай емдеуге болмайтынын айтты
Коронавирус індеті өршіген сәттен бастап халық арасында әртүрлі емдеу тәсілдері қолданылып, кеңестер адамнан адамға тарап жатыр. Олардың арасында сарымсақпен, арақпен және спиртпен емдеуге болады деген әдістер де бар. Дегенмен, бұл тәсілдердің пайдасымен қоса, зияны да бар, деп хабарлайды stan.kz.
Ингаляциялық бу терапиясы
Қазіргі таңда ең көп берілетін кеңес – содамен «ыстық ванна» жасап, дем алу. Алайда, мұның пайдасы шамалы. Оның үстіне, қазіргі уақытта COVID-19 бен пневмонияны емдеудегі бу терапиясының тиімділігі туралы бірде-бір ғылыми дәлелденген дерек жоқ. Ал содаға аллергия болса, ол шырышты қабатты күйдіріп қана қоймай, Квинкенің ісінуі қаупіне алып келуі мүмкін. Сонымен бірге, жылу ингаляцияларына қарсы бірқатар көрсетілімдер бар, мысалы, гипертермия (жоғары дене температурасы), гипертония (жоғары қан қысымы, жүрек-тамыр аурулары немесе бүйрек қызметі) бұзылғанда бұл әдіс қауіпті.
Арақпен және спирт буымен дезинфекция жасау
Алкогольді шамадан тыс тұтыну иммундық жүйені әлсірететіні белгілі. Өз кезегінде, бұл вирусты тез жұқтыру қаупін ұлғайтады. Ал жүрек-тамыр аурулары мен бауыр мәселелері болған жағдайда ішімдік асқыну қаупін арттырады және емдеуді қиындатады. Мұндай науқастың өмір сүру мүмкіндігі өте төмен болады.
Спирт буымен ингаляция өкпенің төменгі бөліктеріне жіберілген вирусты өлтіруге жеткіліксіз. Сонымен қатар, медициналық спирт шынымен өкпе ісінуіндегі көбікті басу үшін қолданылады, бірақ мұнда дәрігер қауіпсіз дозаны дәл есептеуі тиіс.
Антибиотиктің де қауіпі бар
Шұғыл түрде антибиотик қабылдау – бұл де жиі еститін кеңес. Алайда дәрігерлер екі себепке байланысты антибиотик алмауға кеңес береді. Біріншіден, аурудың симптомсыз және жеңіл түріндегі 80% жағдайда ағза вирусты өздігімен жеңе алады. Қазақстанның клиникалық хаттамасының 10-шы шығарылымында дене қызуын түсіру үшін парацетамол мен ибупрофенге жүгінуді ұсынады. Екіншіден, COVID-19-ды емдеуде антибиотикті ұзақ қолдану әсерінен бактерияларда антибиотиктерге төзімділік пайда болуы мүмкін. Яғни, қажет болған жағдайда бұл препараттар көмектесе алмауы әбден мүмкін.
Сарымсақтың суын ішу немесе ашқарынға сарымсақ жеу
Науқастың асқазан-ішек жолдары ауыратын болса, сарымсақты мүлде жеуге болмайды. Әйтпесе ішек жұмысының бұзылуына, асқазан қыжылына және бауырдың шаншуына тап болады. Сонымен қатар, сау адамға да сарымсақты күнделікті қабылдауға болмайды, өйткені, гипертония, жүрек аурулары және бас сақинасы мазалауы мүмкін. Бірақ бұл әдіс COVID-19 вирусынан еш құтқармайды. Себебі, сарымсақтың барлық антимикробтық қасиеттеріне қарамастан, оның коронавируспен күрестегі тиімділігі дәлелденбеген.
Шар үрлеу
Тиімді «өкпе жаттығуы» ретінде ұсынылған бұл әдіс коронавирус инфекциясы кезінде альвеолаларға (жақ сүйегінің қуысы) әсер етіп, ұлпааралық қабынуға ықпал етіп, біраз асқыну тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда өкпе тініне жаппай зақым келіп, оны әлсіз етеді. Кез келген оқыс жүктеме өкпе тінін жыртып жібереді, соның салдарынан тыртық әрі қарай ұзара береді. Оның үстіне кеуде қуысының жылдам және күшті қозғалысымен өкпені қайта жүктеу өкпе баротравмасына әкеп соғуы мүмкін. Оның белгілері қақырықтағы қан, өкпе тінінің жыртылуы, альвеолалардың қосымша зақымдалуы және ентігу, эмфизема мен өкпе фиброзының күшеюі арқылы көрінуі мүмкін. Бұл да өкпе жұмысына кері әсер етеді.
Хижама COVID-19-ға қарсы әсер ете ме?
Аталған қан шығару процедурасын әлдекімдер коронавирусқа қарсы күшті емдеу әдісі ретінде ұсына бастады. Алайда, бұл ғылыми негізделмеген, сонымен бірге қауіпті. Біріншіден, хижама медициналық процедура емес, бірақ оның төменгі артериялық қан қысымы, созылмалы жүрек патологиясы, қан жасушаларының төмен концентрациясы, кез-келген тамыр патологиясы және тіпті психикалық ауытқулар сынды бірқатар қарсы көрсетілімдері бар. 65 жастан асқандар мен балалар хижама жасатқан кезде көп қан жоғалтуы мүмкін.
Жалған сарапшылар коронавирусты емдемейді
Нағыз мамандардың емес, білім деңгейі төмен блогерлерге сену денсаулыққа екі есен зиян тигізуі мүмкін. Ал ақпаратты тексеріп, ресми көздерден алуға дағдыланған адамдар үшін ҚР денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайттары бар.