Ғалымдар коронавирусты асқындырып жіберетін ауруды атады

Мамандар Ухань университеті Халық ауруханасында коронавирустық инфекция жұқтырған 416 науқасты бақылаған. Олардың пайымынша, жүрек-қан тамыр жүйесі жұмысының бұзылуы мен COVID-19 пациенттерінің өлімі арасында айтарлықтай байланыс бар.
Сонымен, жүрегінде ақауы бар науқастардың өлімі жүрек-қан тамыр жүйесімен ауырмайтын пациенттерге қарағанда анағұрлым көп болған.
"Уханьдағы COVID-19 жұқтырған көптеген пациенттерде жүрек аурулары жиі кездеседі, бұл ауруханаға жатқызу кезіндегі өлімнің жоғары деңгейін түсіндіруі мүмкін", - дейді ғалымдар.
Жүрек ауруы бар адамдарда пневмонияның ауыр түрі он есе жиі дамитыны айтылған. Мамандар жүрек жұмысының бұзылу механизмі мен оны COVID-19 емдеу кезінде әрі қарай да зерттеу маңызды екенін айтты.
Еске сала кетсек, елімізде коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 121 адамға жетті.
Қазір Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында 48, Қарағанды қаласында 4, Шымкент қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында -3, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Ақмола облысында - 1 адам - жалпы 121 науқас тіркелді.
https://kaz.nur.kz/