Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

22 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Шапщаң қимылдайтын болсаңыз, көп жетістікке жетуге болады. Көп ойлануға уақыт жоқ. Мақсаттыңызды айқындап, кедергілерден сүрінбей өтуіңіз қажет. Тез әрекет етемін деп шаршап қаласыз, сондықтан арасында демалып алыңыз. Бірақ ұзаққа кетпеңіз.
Торпақ
Бүгін ұстамдылық және салқынқандылық танытуыңыз қажет. Эмоцияға берілмеңіз, сонда ғана қателіктердің алдын аласыз. Кешке қарай арқаны кеңге салып, достармен басқосуға болады. Романтикалық кеш ұйымдастыруға да әбден болады.
Егіздер
Жаныңызға серіктес іздеп жүрсіз бе? Сізге оның қажеті шамалы. Сіз барлық шаруаның өзіңіз-ақ атқара аласыз. Ал серіктестер тек сіздің жүйкеңізді жұқартады. Ақшаға қатысты істе жолыңыз болады.
Шаян
Сіз елемеген кейбір жағдайлар нағыз есте қалар оқиғалардың бастауы болады. Күніңіз сәтті өтеді. Алғаш рет жасап көрген ісіңіздің өзі іш пыстырмайды. Ал көптен бері танитын адамдар сізді таңқалдырудан жалықпайды.
Арыстан
Бірлесіп жасаған шаруа қызықты, әрі пайдалы болмақ. Осы жұмыс арқылы болашағыңыз жарқын болатынына сеніңіз. Маңызды ақпараттарға қол жеткізіп, тәжірибелі адамдардан ақыл-кеңес аласыз.
Бикеш
Жақындарыңызбен әңгіме-дүкен құруға таңертеңгілік уақыт тиімді болмақ. Бұл мағынасыз, жөнсіз әңгіме болуы мүмкін. Алайда ол сіздің көңіл-күйіңізді көтеретін болады. Сондықтан әңгімені соңына дейін тыңдап, барынша көмек көрсетуге тырысыңыз.
Таразы
Маңызды сауалдарға жауап табуыңыз қажет. Бұл сізге оңайға соқпайды. Бірінші сәтсіздіктен кейін салыңызды суға кетпесін. Мәселені шешуге талыпыныңыз. Соңында бұл оң нәтиже берері анық. Сіз өз дегеніңізге жетесіз.
Сарышаян
Өте керемет күн. Бүгін көптеген мәселелерді шешуге болады. Әсіресе соңғы уақытта өзіңіз мойынсұнған мәселелерді оңынан шешесіз. Өзіңіздің жоспарларыңызбен өзгелерді қызықтыра аласыз.
Мерген
Бүгін жұмысқа қатысты шаруаларда жолыңыз болады. Келісімдер сәтімен аяқталады. Егер әлдекімнің көмегіне жүгінетін болсаңыз жетістікке жету оңай болады. Жалғыз жорыту арқылы сіз мақсатыңызға алыстай түсесіз.
Тауешкі
Бүгін қызықты танысулар орын алады. Сіз өзіңізге және достарыңызға ұқсамайтын жанмен таныс боласыз. онымен тез тіл табысу мүмкін болмайды. Дегенмен оның өміріңізде орын алуы кездейсоқтық емес екенін ұғасыз.
Суқұйғыш
Маңызды шаруаларға ғана ой бөліңіз. Болмашыға бола жүйкеңізді жұқартпаңыз. Сонда ғана сіз күніңізді сәтті өткізіп, табысты боласыз. Уайым, алаңдаушылық жұмысыңыз түгіл күнделікті шаруаның өзін атқаруға кедергісін келтіреді.
Балықтар
Күніңіз қызықты болады. Бүгін сіз көп жаңалық естіп, көңіліңіз көтеріледі. Өз күшіңізге сенесіз, сондықтан тәуекелге бел буып, жауапкершілік жүгін арқалайтын боласыз. Табысқа тез қол жеткізіп, қарсыластарды шаң қаптырасыз.
kyzylorda-news.kz
22 шілде 2020 ж. 180 0