Неке бұзу туралы іс медиация тәртібімен аяқталды
Арал аудандық сотында некені бұзу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды.
Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы О. жауапкердің өзін сыйламайтынын, отбасына көңіл бөлмейтінін, бұдан әрі отбасын сақтау мүмкін еместігін көрсеткен.
Судья С.Бертай тараптарға медиацияның отбасылық қатынастар саласындағы ерекшеліктері туралы түсіндіргеннен соң, тараптар дауды медиациямен шешуге келіскендерін айтты. Аталған келісімге сәйкес, талап қоюшы жауапкермен отбасын сақтап қалғысы келетінін, неке бұзу туралы талабынан бас тартатынын көрсетті.
Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, іс өндірістен тоқтатылды..
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, іс өндірістен тоқтатылды..
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.