Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕГІС АЛҚАБЫНДАҒЫ ПОДОЛЬСКИХТІҢ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ

ЕГІС АЛҚАБЫНДАҒЫ ПОДОЛЬСКИХТІҢ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, ауыл шаруа­шылығы ғылымдарының докторы, Қазақ күріш өсіру ғылы­ми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Александр Николаевич Подольских «Күріш өсірудің заманауи технологиясы» тақырыбында тест-драйв форматында шеберлік сағатын өткізді. Оны аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығы ұйымдастырды.
  Сырдария ауданының Н.Ілиясов ауылындағы «Мағжан және К» серіктестігінің егіс алқабында өткен шараға ауыл шаруашылығы саласының мамандары, кәсіпкерлер мен зерттеуші ғалымдар қатысты.
  Ғалым А.Подольских күріш өсірудегі тың тәжірибесімен бөлісті.
  – Қазіргі таңда күріш егу науқаны басталды. Диқандар сапалы əрі мол өнім алудың жолын іздеуде. Сәуір-мамыр айларында егістік жұмыстары жүргізілген сәтте күріш күн көзін көп талап етеді, гүлденген кезде керісінше, жаңбырлы күндерді ұнатады. Біздің ауа райы күндіз өте ыстық, ал, түнде тым салқын болғандықтан, күріш ерекше бапты талап етеді, – деді А.Подольских.
  Сондай-ақ, «Сыр сұлуы» сортының авторы, селек­ционер-ғалым Сəуле Байбосынова да өз тəжірибесімен бөлісті.
  Осылайша, күріштің жаңа сорттарын шығару, ауыл шаруашылығы дақылдарын экологиялық жоғары деңгейін сақтай отырып, өндіру мен күрішті баптаудың инновациялық әдістері шеберлік сағатының арқауына айналды.
  Тест-драйв нәтижесінде ауыл шаруашылығы мамандары «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы А.Подольскихтің ғылыми жетістіктерін жүзеге асырып, егін егу тәжірибесінде пайдаланатын болады.                                                                                         
10 сәуір 2018 ж. 1 460 0