«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Аумақтық ауыл шаруашылығы басқармаларының мамандарын (ветеринариялық бақылау инспекторлары мен ветеринариялық дәрігерлер) тарта отырып, тасымалданатын мал құжаттарының заңдылығына және де олардың ұрлық деректеріне қатысының бар-жоқтығына және ет өнімдерін тасымалдайтын автокөліктерге ет өнімдерінің тиісті құжаттарының болуына тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, іс-шара барысында аудан көлемінде ет өнімдерін сататын сауда орындарында, базарларда, сауда орталықтарында рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, заңсыз мал тасымалдаушы тұлғалар анықталған жағдайда оларды ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіліп отыр.
Іс-шараның 4 күнінде өткен жылда орын алған мал ұрлығы қылмысының 1 дерегі ашылып, малдары иелеріне қайтарылған.
Арал ауданының полиция бөлімі.