Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде дауыл күтіледі.
Қостанай облысында күндіз кей жерде жел 15-20 м/с, түнде басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде екпіні 23 м/с жетеді.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақмола облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Атырау облысында, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
baq.kz