Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Онлайн-сатылым сайтына не болды

Онлайн-сатылым сайтына не болды

Қазақстанда теміржол билетін онлайн түрде сатып алу мүмкін болмауының себебін "Жолаушылар тасымалы" бөлімінде түсіндірді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

"Техникалық ақауларға байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ билеттерін сату жүйесі уақытша жұмыс істемейді. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) bilet.railways.kz сайтында және басқа онлайн-ресурстарда тіркеу уақытша қол жетімсіз", - деп түсіндірді компания.
Қазіргі уақытта пойыз билеттерін сату процесі кассаларда біртіндеп қалпына келтірілуде.
"Мәселелерді жою жұмыстары әлі жалғасып жатқанына байланысты, билеттерді сатып алу кезінде техникалық ақаулар болуы мүмкін", - деді "Жолаушылар тасымалы".
"Жолаушылар тасымалы" АҚ - "Қазақстан темір жолы" ұлттық теміржол тасымалдаушысының еншілес компаниясы.
12 тамыз 2020 ж. 517 0