Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін оқушылар үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді

Бүгін оқушылар үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді

Бүгін еліміздің оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа 2020-2021 оқу жылында карантиндік шаралар жағдайында білім алушыларды оқыту форматтарымен таныстыру мақсатында 21 тамызда «Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?» тақырыбында еліміздің барлық оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді. 
Сынып сағаты қашықтан өтеді, ал өткізу уақытын мектеп әкімшілігі бекітеді. Қалауы бойынша ата-аналар балаларымен бірге қатыса алады. 

Сынып сағаты барысында сынып жетекшісі келесі сұрақтарды түсіндіреді:
- Карантиндік шаралар кезіндегі оқыту форматтары;
- Қашықтан білім алу барысында пайдаланылатын интернет-платформаның мүмкіндіктерімен танысу; 
- Мен және менің денсаулығым (гигиена негіздері, физикалық белсенділік);
- Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі;
- Интернетте жұмыс істеу ережелері, ақпараттық қауіпсіздік.
https://baq.kz/
21 тамыз 2020 ж. 805 0