Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапалы білім-жарқын болашақ!

Сапалы білім-жарқын болашақ!

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, кәсіби мәдениеттілікті, терең білім мен ізденісті талап ететін дәуір екендігі сөзсіз.Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім. Білім ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. 2020-2021 жаңа оқу жылының қашықтықтан басталуы білім саласына айтарлықтай жаңашылдықтар енгізді.
Бүгінгі күні білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің сапасын жоғарылататыны сөзсіз.
Жаңа оқу жылында онлайн білім алуды іске асыру шеңберінде Қызылорда облысының білім басқармасына білім алушыларды компьютерлер, ноутбуктар және планшеттермен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен 22870 дана құрылғы алу үшін 3 456,4 млн. теңгеге бөлінді, аталған қаражат 3706 бірлік компьютер, 14362 бірлік ноутбук және 4802 планшет сатып алуға бөлінген.
Сатып алынатын техникалардың сапалы болуы мен бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін қамтамасыз ету мақсатында өңірімізде ведомствоаралық жұмысшы топ құрылды.
Жұмысшы топ жетекшісі Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н. Байқадамов, топ мүшелері: «Ақмешіт адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ж.Тусмағамбетов, облыстық арнайы мониторингтік топ жетекшісі Л.Бақтыбаева, қоғам белсенділер және облыстық басқарма мен қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары.
Жұмысшы топ жаңа оқу жылының басталуына дейін тамыз айында бірнеше отырыстар өткізіп, компьютерлік құрылғылардың техникалық ерекшеліктері, сатып алу жолдары мен мезімдері талқыланды. Жұмысшы топтың шешімі бойынша білім алуышыларға берілетін техникалық құрал жабдықтарды өңірімізге тасымалдайтын өнім беруші анықталып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Білімнің заман талабына сай және сапалы болуы барлығымыздың ортақ міндетіміз!
«Ақмешіт-Адалдық алаңы»
жобалық кеңсесінің жетекшісі Тұсмағамбетов Жандос.
07 қыркүйек 2020 ж. 454 0