Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы жинағының бір бөлігі қолма-қол беріле ме?

Зейнетақы жинағының бір бөлігі қолма-қол беріле ме?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Виктория Шегай қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін үй сатып алудан басқа мақсаттар үшін пайдалана ала ма деген сауалға жауап берді.
Бүгін Tengri TV өткен онлайн эфирде министрлік өкілі ақшаны қолма-қол алуға, көлік сатып алуға, депозитке аударуға болмайтынын айтты. Шегайдың айтуынша, бірыңғай операторлар қаражаттың мақсатты бағытын қамтамасыз етеді. Мысалы, оператор тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін "Отбасы банкін" ұсынып, сол арқылы ақша жіберіледі.
Бұдан бөлек, Шегай қазақстандық тек өздерінің ғана емес, жақын туыстары, соның ішінде балалары мен жұбайының тұрғын үй проблемасын шеше алатынын атап өтті.
Сондай-ақ, зейнетақы жинағын үйді жөндеуге, құрылыс материалдарын сатып алуға, жөндеуге байланысты жұмыс пен қызмет ақысын төлеуге жұмсауға болады. Шегайдың сөзінше, екінші деңгейлі банктерде мұндай бағдарламалар бар. Осы ретте қаражаттың мақсатты жұмсалған құжат түрінде расталуы керек. Мәселен, жұмыстың атқарылған туралы келісім-шарт. 
Еске сала кетсек, бүгін 30 жастағы қазақстандық зейнетақы жинағынығ бір бөлігін алуы үшін қанша жалақы алуы керек екенін жаздық. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 30 жастағы қазақстандыққа зейнетақысының бір бөлігін алу үшін зейнетақы шотында 2 518 000 теңгеден астам қаражат болуы керек.
Аталмыш сомадан қалған қаражатты ғана үй жағдайын жақсарту мақсатында шешіп алуға болады. Бұл соманы жинау үшін 18 жасынан бастап жұмыс істеп келе жатқан тұрғынға зейнетақы қорына ай сайын кемінде 17 486 теңге құйып отыру керек. Яғни табысының 10 пайызын құю қажет. Бұл 18 жасынан тұрғында кемінде 174 486 теңге айлық табыс болуы керектігін аңғартады.
https://sn.kz/
10 қыркүйек 2020 ж. 467 0