16 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с артады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар облысында, Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді. Сондай-ақ дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с артады. Түркістан облысында шаңды дауыл тұрады.
Күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл тұрып, 15-20 м/с екпінмен жел соғады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, дауыл, бұршақ болжанады. Желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Күндіз екпіні 23 м/с артады. Батыс Қазақстан облысында, күндіз Ақтөбе облысында желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.