Бұршақ, жауын, жел – жұмаға арналған ауа райы

Қазақстанның басым бөліндегі ауа райына Кар теңізі аймағынан келетін циклон ықпал етеді. Кей жерлерде жаңбыр жауады, шығыс және оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша кей жерлерде тұман сақталады, оңтүстік-батыста желдің күшеюі шаңды дауылмен күтіледі.
Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с сақталады, екпіні 25 м/с, кей жерлерде найзағай күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с сақталады, түнде және таңертен екпіні 23 м/с, түнде және таңертен тұман күтіледі, кей жерлерле бұршақ жаууы ықтимал.
Қарағанды облысында кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с сақталады, түнде екпіні 23 м/с, кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман сақталады, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Манғыстау, түнде Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с және шаңды дауыл сақталады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-22 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.